+7 (701) 759 90 19
USD 420.29 EUR 506.87
RUB 5.66 CNY 64.73
Jańalyqtar

Елбасы «Nur Otan» партиясының  көшбасшылық сырын айтты

2020 жылғы 25 қараша 14:03
Бөлісіңіз:
Елбасы «Nur Otan» партиясының  көшбасшылық сырын айтты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2025 жылға дейінгі «Жастар - Отанға» бағдарламасының жобасы әзірленді. Бұл туралы бүгін «Nur Otan» партиясының кезектен тыс ХХ съезін қорытындылаған ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Нұрсұлтан Назарбаев Дмитрий Медведевпен телефон арқылы сөйлесті Елбасы белгілі актер Әлімғазы Райымбековтің туыстарына көңіл айтты Нұрлан Нығматулин Мәжілістегі «Nur Otan» фракциясының жетекшісі қызметіне ұсынылды

«Nur Otan» 20 жыл көш бастап келеді. Біз әрдайым жұртшылықтың мұң-мұқтажын түсініп, мәселесін шештік. Көшбасшылықтың сыры да осында жатыр. Біз «Nur Otan-ның» нақты істер партиясы екенін дәлелдедік. Пандемия кезінде менің бастамаммен құрылған «Біргеміз» қоры 33 млрд теңге қаржы бөліп, 2 млн-нан астам адамға көмек көрсетті. Партия үшін қарапайым халықтың мүддесі ең бірінші орында тұрады. Партияның конференциясы кезінде біз әр облыстың, ауданның, қаланың мәселелерін шешетін 216 өңірлік жаңа сайлауалды бағдарлама қабылдадық. Мұндай еш уақытта болған жоқ. Мемлекет тарапынан үлкен бағдарламалар болды. Ал әр облыста, әр қалада, әр ауданда бағдарламаның болуы жергілікті биліктің атқаратын жұмысы сапасына талапты күшейтеді», - деді Елбасы.

ҚР Тұңғыш Президенті еліміздің ең ірі ұйымы жастар ұйымы «Жас отанның» бастамасымен партия төңірегіне белсенді жастар топтасқанын да айтты.

«Пандемия кезінде «Жас отан» 5 мыңнан астам еріктіні жұмылдыру арқылы өзінің көшбасы екенін дәлелдеді. Биыл 2025 жылға дейінгі «Жастар - Отанға» бағдарламасының жобасы әзірленді. Ол «Жас отан» съезінде қабылданатын болады», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT