Елбасы Nur Оtan Саяси кеңесі бюросының отырысын өткізу туралы Қаулыға қол қойды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2020 жылғы 5 наурызда елордада «Nur Оtan» партиясы Саяси кеңесі бюросының отырысы өтеді. Бұл туралы ҚР Тұңғыш Президентінің баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Twitter-дегі парақшасында хабарлады.

«Нұрсұлтан Назарбаев 2020 жылдың 5 наурызында Нұр-Сұлтан қаласында Nur Оtan партиясының Саяси кеңесі бюросының отырысын өткізу туралы Қаулыға қол қойды» деп жазды ол.

Айта кетейік, 2020 жылдың 18 наурызында «Nur Otan» партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы өтеді.


Соңғы жаңалықтар