Елбасы тапсырмасы: Шымкентте аулаларды абаттандыруға 856,6 млн теңге бөлінді

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте аулаларды абаттандыруға 856,6 млн  теңге бөлінді. Бұл қаражатқа 49 аула жөнделмек. Қала басшылығы сондай-ақ  66,9 млн теңгені 6 спорт алаңшасын жаңартуға бөліп отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Маңызды шаралар Елбасы Жолдауында айтылған тапсырмаларды орындау мақсатында қолға алынып отыр. Айта кетейік, биылғы Жолдауда Мемлекет басшысы қолданыстағы, әсіресе мектептердегі спорт ғимараттарын тиімді пайдаланып, дене шынықтырумен айналысу үшін аулаларды, парктерді, саябақтарды жабдықтау қажеттігін атап өткен болатын.

Бұл бағытта шым шаһарда 171 ауланы абаттандыру үшін сметалық құжаттама әзірленіп,  тұрғын үйлерде абаттандыру жұмыстары жүргізілмек. Мәселен,  Әл-Фараби ауданы бойынша бұған дейін 672 көпқабатты тұрғын үй 400 аулаға біріктірілген. Ағымдағы жылдың 1 қаңтарына дейін 217 көпқабатты тұрғын үйдің ауласы (51,2%) абаттандырылып, балалар ойын алаңшасы орнатылған. Сондай-ақ, 183 көпқабатты тұрғын үйдің ауласы абаттандыру және балалар ойын алаңшасын орнатуды қажет етеді.

Сонымен қатар, Астана және Алматы қалаларының тәжірибесін негізге алып бүгінгі таңға дейін абаттандырылмаған 15 көпқабатты тұрғын үйдің аулаларын ретке келтіру жоспарлануда. Оған сәйкес, балалар ойын элементтері сығымдалған резеңке жабыны төселген және биіктетілген алаңшаға орнатылатын болады.

Ал, Абай ауданында қомақты қаражаттар  балалар алаңшасының құрылысына бөлінеді. Сондай-ақ, мамандар құрылысты балаларға қауіпсіз болатын материалдардан және түрік жобасы негізінде жүргізбек. Абай ауданы әкімдігі бұл мәселені шешуге кешенді түрде кірісіп, алдымен аудан дамуының тұжырымдамасын дайындауды көздеп отыр. Қаратау мен Еңбекші әкімдіктері де негізгі қаражатты абаттандыруға жұмсауды жоспарлауда. Биыл мұнда Қаратау ауданы бойынша 14, Еңбекші ауданында 13 аула абаттандырылмақ. Қосымша 3 спорт алаңшасы салынбақ.

Айта кетейік, аулаларды абаттандыруға жергілікті кәсіпкерлер мен коммерциялық ұйымдар да атсалысып келеді. Мәселен «Halyk Bank» АҚ 95-жылдық мерейтойы аясында «Отбасы» аллеясындағы балалар алаңшасын салып берді. 

Қошқар ата өзенін бойлай орналасқан алаңшада  балақайлардың ойнап, серуендеуіне барлық барлық жасалған. Сол сияқты  «Технодом» компаниясы да «Абай» саябағында ашық аспан астында спорт алаңшасын қала тұрғындарына тарту етті. Мұнда мүмкіндігі шектеулі азаматтар да әуесқой спортпен айналыса алады. 

null null null 

Соңғы жаңалықтар