Елбасы тәуелсіздік жылдарындағы әрбір оқиғаны бойынан өткеріп қабылдады – Аида Балаева

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада әлемге танымал америкалық режиссер Оливер Стоун продюсерлік еткен «Qazaq. Алтын адам тарихы» атты фильмнің тұсаукесері өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Фильмнің алғашқы көрсетілімін авторлармен бірге Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева, Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова, «Қазақфильм» акционерлік қоғамының президенті Ақан Сатаев, Мәжіліс депутаттары және өзге де мәдениет пен өнер майталмандары тамашалады.

Көрсетілімнен кейін фильмнің режиссері Игорь Лопатенок бастаған шығармашылық топқа құрмет көрсетілді.

«Біздің мәдени, рухани өмірімізде тағы бір үлкен жоба іске асты. Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы қарсаңында әрқайсымыздың тарихымыз осы бір кішкентай туындыда көз алдымыздан өтті. Сондықтан мұндай туындылар көп болуы керек деп ойлаймын. Өйткені бұл – танымдық, үлкен материал. Туынды Елбасымыздың тәуелсіз Қазақстанның өсіп-өркендеуіндегі, қалыптасып нығаюындағы рөлін аса айқын көрсетіп өтті. Сондықтан мұндай туындыларды тек ішкі аудиторияға ғана емес, шетелде насихаттап, көрсету өте маңызды», - деді Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева көрсетілімнен кейін.

Министр тәуелсіз Қазақстанның тағдыршешті оқиғаларға толы ауқымды тарихынан фильм жинақтап шығару оңай болмағанын атады.

«Шығармашылық топқа осы еңбегі үшін алғыс айтқым келеді. Мен бұның өте ауқымды материал болғанын, оны жинақтау өте қиынға түскенін білемін. Өйткені тәуелсіздік жылдарындағы әрбір сәтті, әрбір оқиғаны бойынан өткізіп қабылдаған Тұңғыш Президенттің аузынан шыққан әрбір мәлімет маңызды, қызықты болды деп ойлаймын. Осыншама ауқымды материалдың арасынан тамаша фильм ықшамдап алып шығу – үлкен еңбек. Фильм өте сәтті шыққан. Сондықтан авторларына алғысымды жеткізе отырып, әрі қарай да шығармашылық табыстарға жете беруді тілеймін», - деді Аида Балаева.


Соңғы жаңалықтар