Елбасының бастамасымен жаңа қайырымдылық жобасы қолға алынды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Әлеуметтік осал топтағы қазақстандықтар «Елбасы жылуы» акциясы аясында көмек алатын болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бүгіннен бастап Қазақстанның Тұңғыш Президентінің бастамасымен «Елбасы жылуы» қайырымдылық акциясы бастау алады. Акция шеңберінде Нұрсұлтан Назарбаев қоры және «Дегдар» қайырымдылық қоры азық-түлік және бірінші қажеттіліктегі тауарлар түрінде мұқтаж қазақстандықтарға көмек көрсетеді», - деп жазды Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Twitter-де.

Еске салайық, өткен жылдың наурыз айында Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен пандемия жағдайында әлеуметтік осал топтағы азаматтарды қолдау үшін «Birgemiz» қоры құрылған болатын. Осыған орай Елбасы үндеу жолдаған еді.


Соңғы жаңалықтар