Елдегі ахуалдың күрделене бастағанына бей-жай қарауға болмайды - кітапхана директоры

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысындағы әмбебап-ғылыми кітапханасының директоры Шәрбану Дінәсілова ел еңсесін тіктеп, тірлігіне кіріскелі отырғанда сырқатқа шалдыққандардың күрт көбейгеніне алаңдаулы екенін жеткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Әрине, тіршілікте сіз біз десіп, сыйласып, жүргенге ештеңе жетпейді. Әсіресе соңғы үш айда осыны түсіндік. Күн сайын өкпенің қабынуынан бұл дүниемен бақұлдасып жатқандарды естіп, біліп жанымыз жай таппай отырмыз. Бұл өмір біз бен біздің жақындарымыздан тұрады. Сондықтан өзімізге де, өзгеге де саулық тілеу адамдық борышымыз. Елдегі ахуалдың күрделене бастағанына бей-жай қарауға болмайды. Бәріміз де әу баста қанша алаңдаулы болғанмен көңілімізді аулап, мән бермеуге тырыстық. Өтпелі деп ойладық. Бірақ біз ойлағандай емес, бұл дерт өршіп келеді. Осындай шақта карантин режимі ұзартылғаны жөн деп ойлаймын. Бас аман болса әлі-ақ жағдай жақсарар, дүние бітер, күнкөріс дұрысталар... Бұл жалғанда адамға адамнан аяулы не бар?»,- дейді Шәрбану Дінәсілова.


Соңғы жаңалықтар