Елдегі әрбір үшінші келі құс еті Ақмола облысында өндіріледі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев өңірдегі ет және сүт өнімдері өндірісін баяндады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Республика аумағында әрбір үшінші келі құс еті, өңделген сүттің әрбір бесінші литрі, әрбір төртінші жұмыртқа Ақмола облысында өндірілген. Осы санаттағы шаруашылықтар 153 мың тонна ет, 352 мың тонна сүт және 655 млн тағамдық жұмыртқа өндірді», - деді Ермек Маржықпаев Өңірлік коммуникациялар орталығында өткен брифингіде.

Әкімнің айтуынша, өңірде қолайлы мал қыстауы үшін қажетті азықты қамтамасыз ету бойынша барлық шара қабылданған.

«Ет және сүт шаруашылығы белсенді дамып жатыр. Біз кезең-кезеңімен әр ауданда ет және сүт-тауар фермасын құру мақсатына келе жатырмыз. Биыл өңірде бес мың малға 102 ет фермасы және екі мыңнан астам малға 17 сүт-тауар фермасы құрылды. Импортты алмастыру үшін құс шаруашылығы дамуда. Макинка құс фабрикасының үшінші кезегі 2022 жылы іске қосылады. Осы арқылы фабрика қуатты жылына 75 мың тоннаға жетіп, 2 мыңға жуық жаңа жұмыс орны ашылады. Бұл өңірдің экспорттық әлеуетін айтарлықтай кеңейтуге мүмкіндік береді», - деді өңір басшысы.

Бұған дейін Ермек Маржықпаев өңірдегі астық жинау жұмыстарын баяндаған еді.



Соңғы жаңалықтар