Елдегі эпидемиологиялық ахуал нашарлауы мүмкін бе – Бас санитар жауабы

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі – Бас мемлекеттік санитар дәрігер Ерлан Қиясов алдағы айдағы эпидемиологиялық жағдайға болжамын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Шын мәнінде, қазір қаңтардың аяғы мен ақпанның басындағы болжам туралы цифрлық ара қатынаста айтқанда, аймақтарда инфекцияның таралуы біркелкі еместігін ескеру қажет. Қазіргі уақытта науқастар аз тіркелген, салыстырмалы түрде «жасыл» аймақта тұрған өңірлер бар. Өздеріңіз білетіндей, біз тек облыстық емес, аудан орталықтарының эпиджағдайының матрицасын әзірледік. Тіпті кейбір облыстарда көрсеткіштер бойынша айырмашылық бар. Біз қазір осы бағытта тіркеудің өсуі байқалатын өңірлер мен аудандар бойынша шектеу шараларын жергілікті, ошақтық түрде енгізу үшін жұмыс істеп жатырмыз»,- деді Ерлан Қиясов ОКҚ-де өткен онлайн брифингте тілші сұрағына берген жауабында.
Бас санитар елдегі эпидемиологиялық жағдай нашарлауы мүмкін бе деген сұраққа жауап берді.
«Нашарлауы мүмкін деп айта алмаймын. Жекелеген өңірлерде ғана жағдайдың нашарлауын болжап отырмыз», - дейді Ерлан Қиясов.
Бұған дейін Ерлан Қиясов Православ дініндегі Крещение мерекесі қалай өтетінін айтқан еді.
Сонымен бірге, британдық коронавирус штаммы Қазақстанда тіркелмегендігін жеткізді.
Сонымен бірге, бас санитарлық дәрігер қазақстандықтарға үндеу жасады.
- Өткен тәулікте Ақтөбеде 6 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды
- Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцинациялау қалай жүргізіледі
- Атырауда коронавирус жұқтырғандардың дені – Теңіз кенішінің жұмысшылары
- COVID-19 жұқтыру жағдайлары көбінесе алдын алу шараларын елемеуден - дәрігер
-
Шетелден ұшып келген 201 жолаушының ПТР анықтамасы жоқ
-
Пандемия кезінде қазақстандықтар әр 5 теңгенің екі теңгесін азық-түлікке жұмсаған
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам