+7 (701) 759 90 19
USD 432.01 EUR 518.67
RUB 5.61 CNY 66.48
Jańalyqtar

Елдің шығысындағы 19 елді мекенді су басуы мүмкін

2021 жылғы 26 ақпан 13:36
Бөлісіңіз:
Елдің шығысындағы 19 елді мекенді су басуы мүмкін

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында 19 елді мекенді су басу қаупі бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Депутаттар Шардара су қоймасы мен Көксарайдың қауіпсіздігіне қатысты ұсыныс айтты Петропавл су қоймасында су деңгейі көтерілді СҚО-дағы Сергеев су қоймасында су деңгейі түсіп жатыр

Осы жайлы ШҚО әкімі Даниал Ахметов халыққа есеп беру барысында айтты.

«Тасқын қаупі жайлы әр аудан әкімі хабардар, құтқарушылар мен барлық қажетті техникалар дайындалды. Төтенше жағдайларға орай бюджетте 1,1 млрд теңге қарастырылған. 2018 жылы болған оқиға қайталанбайды деп сенемін. Ол кезде Бұқтырма өзеніндегі мұз қалыңдығы 2 метрден асқан болатын», - деді аймақ басшысы.

Оның айтуынша, биыл мұз қалыңдығы метрден аспайды.

«Қажетті ыдыс-қаптар дайындалды. Су өткізгіш құбырлар мен көпірлер тазартылып, Тарбағатай мен Глубокое аудандарындағы тасқын судың алдын алу үшін қосымша 150 миллион бөлінді», - деді Даниал Ахметов.

Айта кетейік, облыс өзендеріндегі жарылыс жұмыстарына 198 миллион теңге жұмылдырылған. Жалпы аймақ бойынша 19 елді мекенді су басу қаупі бар.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Талғатжан Мұхаметбекұлы

Ұқсас жаңалықтар
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT