Электр энергетикасы нарығындағы бәсекелестік не үшін дамымай отыр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Серік Жұманғарин Қазақстанда электр энергетикасы нарығында бәсекелестіктің не үшін дамымайтынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Агенттік басшысының айтуынша, Қазақстанда энергиямен жабдықтаушы компаниялар саны 2015 жылмен салыстырғанда 60%-ға өскен.

«Елімізде электр энергетикасы нарығындағы бәсекелестіктің дамымауының маңызды себебі – компаниялардың вертикалды интеграциясы болып отыр. Вертикалды интеграция дегеніміз не? Бұл станция және электрмен жабдықтаудың бір компаниялар тобында болуы. Шығыс және Батыс Қазақстан облыстарында интеграция бақыланбайды. Ақмола, Талдықорған энергия торабы деңгейінде энергия беру мен жабдықтау бір топ адамның қолында болатын ішінара интеграция бар, бірқатар өңірлерде – Павлодар, СҚО, Қарағанды, Алматы, Атырау және Таразда толық вертикалды интеграция бар. Оның үстіне негізгі ойыншылардың бірі – мемлекет, атап айтқанда «Самұрық-Энерго» компаниясы. Нәтижесінде не болып жатыр? Нарық бір ғана компаниялар тобында қалып қойды. Энергия өндіруші ұйымдарға, жаңа жеткізушілерге қол жеткізу мүмкіндігі болуы үшін таратушы қуаттарға жету қиын», - деді Серік Жұманғарин агенттікте өткен Open space барысында.

Сонымен бірге, С. Жұманғарин шет елдердің тәжірибесі зерттелгенін, Еуропада электр энергиясы саласындағы компаниялардың қалай жұмыс істейтінін айтып берді.

«Еуропалық Одақ елдеріндегі реттеу мұндай компаниялардың қатаң бөлінетіндігіне байланысты. Оларды өз активтерін тәуелсіз компанияларға сатуға мәжбүр етеді немесе Қытай қорғаны қағидатымен реттеуге мәжбүр етеді. Қытай қабырғасы – бір топтың ішінде бақылау мүмкін болмағанда қатаң айыру ережелерін қолдану. Кеңселер бөлек және лауазымдарды біріктіруге жол берілмейді. Осыған байланысты үшінші энергопакет аясында Еуроодақтағы 22 компания мүліктік-құқықтық тұрғыда бөлінген. Тәуелсіз жүйелік оператор, желілік оператор деңгейінде 32 компания жұмыс істеді. Яғни, бұл Еуропадағы осы нарықта бәсекелестікке негіз болады», - дейді С. Жұманғарин.

Спикер Нұр-Сұлтандағы энергиямен жабдықтауға қатысты мысал келтірді. Оның айтуынша, елордадағы электр энергиясы екі компанияның желілері арқылы берілсе де, құрылымдық жағынан бір энергия торабында орналасқан.

«Негізгі жеткізуші – «Астанаэнергосбыт», ол елордаға электр энергиясын жеткізуге кепілдік береді. Сондай-ақ, «Теміржолэнерго» компаниясы бар. Осы екі жеткізушінің құрамында жеке тұлғалар бар. Басқа барлық жеткізушілер электр энергиясын тек заңды тұлғаларға ғана жеткізеді. Электр энергиясын жеткізу құрылымына келсек, негізгі жеткізуші «Астана-Энергия» - нарықтың 60%-ы, «Самұрық – Энерго» - 31%-ы және вертикалды интеграцияланған «СЕВКАЗЭНЕРГО» компаниясының белгілі бір үлесі бар. Одан бөлек, электр энергиясы энергия беретін екі компанияның желілері арқылы өтеді – Ақмола АЭК (Астананың айналасындағы айналма жол), тариф - киловатт/сағатына 5 теңге 5 тиын. Астана АЭК – 3 теңге 25 тиын. Құрылымдық жағынан бұл екі АЭК бір энергия торабында екені түсінікті. Әрине, осы тарифтерді араластыру, біріктіру мәселесін қарастыру қажет. Біз бір бәсекелестік учаскелерінде электр энергиясы үшін артық төлеп отырмыз», - дейді Серік Жұманғарин.


Соңғы жаңалықтар