Электр энергиясын ысырап еткені үшін «Астана АЭК» басшылығы сотталды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Электр энергиясын орынсыз пайдаланғаны үшін «Астана АЭК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары мен оның бірқатар бағынышты қызметкері сотталды. Бұл туралы AntikorNEWS алаңында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Бекайдаров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Астана АЭК» АҚ-ның сеніп тапсырылған электр энергиясын ірі мөлшерде жұмсау фактісі бойынша басқарма төрағасының орынбасары А.Б.Түсіпбековке, сондай-ақ оның бағынышты қызметкерлері – АҚ учаске бастықтары Р.Г.Борисовке, Б.Е.Жақыповқа және электр энергиясын тұтынуды бақылау қызметінің бастығы Қ.Б.Қорабаевқа қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізген болатын.
«Сотқа дейінгі тергеу барысында күдіктілер 13,7 млн теңге, ал кәсіпкерлік субъектілер 60,3 млн теңге сомасындағы залалды толық көлемде өтеді», - дейді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Бекайдаров.
Оның айтуынша, 6 қаңтар күні Нұр-Сұлтан қаласы Алматы ауданының №2 аудандық сотының үкімімен кінәлілер ҚР ҚК 189-бабының 3-бөлігі, 1,3-тармақтары және ҚР ҚК 189-бабының 3-бөлігі, 3-тармағы бойынша сотталған.
«Жазаны өтеудің барлық мерзімі ішінде сотталған адамды жылына 100 сағатқа мәжбүрлеп еңбекке тарта отырып, әрқайсына 3 жыл 6 айға бас бостандығына шектеу жазасы тағайындалды», - дейді ол.
- 3 наурыз күні болатын маңызды шаралар аңдатпасы
- Елордада «Шәмші» мюзиклі көрермен назарына ұсынылды
- Нұр-Сұлтанда алимент төлемей жүрген борышкердің джипі тәркіленді
- Өрт қауіпсіздігі: Елордада жеке секторда тексеру жүріп жатыр
-
Елордада 40-қа жуық кәсіпкерлік нысан «Ashyq» қосымшасын пайдаланып отыр
-
Биыл елорда аумағында 165 өрт болды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам