Елімізде 1 сыныпқа қабылдау үшін қанша өтініш берілді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 20 күннің ішінде 1 сыныпқа қабылдау үшін 75 мыңға жуық өтініш түсті. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрлігінің Instagram-дағы ресми парақшасында жариялады.

«Алты жасар және ағымдағы күнтізбелік жылы 6 жасқа толатын балалардың құжаттарын бірінші сыныпқа қабылдау науқаны жалғасып жатыр. 20 күннің ішінде 75 мыңға жуық өтініш келіп түсті. Өтініштерді қабылдау электрондық форматта egov.kz арқылы жүргізіледі», - делінген министрлік мәліметінде.

Мектепке келесі құжаттарды ұсыну қажет:

- баланың туу туралы куәлігі;

- баланың денсаулық жағдайы туралы құжат (№026/у-3 нысаны бойынша бала денсаулығы паспорты, №063/у нысаны бойынша медициналық анықтама);

- 3х4 көлеміндегі 2 фотосурет.

Сонымен қатар, «Қызыл» аймақта орналасқан өңірлерде тұратын ата-аналар медициналық анықтамаларды оқу жылының басталуына дейін тапсыра алады.

Бұдан бұрын хабарланғандай, 1 сәуірден бастап бірінші сыныпқа қабылдау электронды форматта жүргізіліп жатыр.

Алдағы оқу жылында елімізде бірінші сыныптарға 340 мыңнан астам бала барады.


Соңғы жаңалықтар