Елімізде 24 ақпанда болатын маңызды шаралар аңдатпасы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агенттігі 24 ақпан күні елімізде болатын маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.

10.00-де Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысы өтеді.

10.00-де қалалық мәслихаттың мәжіліс залында Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық кеңесінің отырысы өтеді.

10.00-де ТЖД Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметі «Құтқарушы» спорт кешенінде өрт-құтқару спорты бойынша ҚР Қысқы Чемпионатының ашылу салтанаты өтеді.

12.30-да Орталық коммуникациялар қызметінде «Зейнетақымен қамсыздандыру туралы» заңға зейнетақы аннуитеті шарттарын жасасу бөлігінде түзетулер туралы баспасөз конференциясы өтеді.

Спикерлер: «Мемлекеттік аннуитеттік компания «ӨСК» АҚ атқарушы директоры А.Нұрғазинов, «Мемлекеттік аннуитеттік компания «ӨСК» АҚ Нұр-сұлтан қаласы бойынша филиалының директоры Н.Әбдірахманова, ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің сақтандыру нарығы және актуарлық есеп айырысулар департаменті сақтандыру нарығын дамыту басқармасының бастығы С. Әжібек, ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі сақтандыру нарығы және актуарлық есеп айырысу департаментінің актуарлық есеп айырысу басқармасы бастығының орынбасары Б. Дәулетмұратов. Көрсетілім сілтемелері: https://www.youtube.com/user/ortcomkz, https://ru-ru.facebook.com/ortcomkz.

15.00-де Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз орталығында «Елордадағы өрт қауіпсіздік жағдайы» тақырыбында онлайн брифинг өтеді.

Спикер: Нұр-Сұлтан қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Қуанар Базарбаев.

Онлайн баспасөз-конференциясы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Facеbook-тегі ресми парақшасында https://www.facebook.com/nursultanakimat/ тікелей эфирде өтеді.

15.00-де ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының «Конституция» залында «Ауыл» партиясы жазушы Сәуле Досжанның «Ауылдан шыққан миллионер» шығармасының таныстырылымы өтеді.

15.00-де Елбасы кітапханасының жаңа музейінде «Ұлы Дала және Қазақ мемлекеттілігі: жаңаша ой мен тың көзқарас» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтеді. Іс-шара барысында белгілі тарихшы, профессор Бүркітбай Аяғанның «Ұлық Ұлыс – Алтын Орда мемлекеті тарихы» атты қос тілді дәрістер жинағының тұсаукесері өтеді.

15:00-де Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде әлеуметтік кәсіпкер, «Green Tal» әлеуметтік шеберханасының негізін қалаушы Эмин Аскеровпен кездесу өтеді. Іс-шара Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің 25 жылдығына арналған.

15.00-де Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті «Әдеп» жобалық кеңсесі мен Нұр-Сұлтан қаласы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Департаментінің бірлесіп ұйымдастыруымен университеттің «Отырыр» кітіпханасында «Әдеп және парасат» атты дөңгелек үстел өтеді.

16.00-де «Zооm» платформасында Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы өтеді.

16.30-да Орталық коммуникациялар қызметінде елдегі ағымдағы эпидемиологиялық ахуал туралы баспасөз конференциясы өтеді.

Спикерлер: ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі, бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Ерлан Қиясов, ҚР ДСМ санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті вакцинамен басқарылатын инфекцияларды бақылау басқармасының басшысы Нұршай Әзімбаева, ҚР ДСМ медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК сарапшысы Сәуле Бүркітбаева.

Көрсетілім сілтемелері: https://www.youtube.com/user/ortcomkz, https://ru-ru.facebook.com/ortcomkz.


Соңғы жаңалықтар