Елімізде 267 мың адам зейнетақы жинағын баспанаға жұмсауға ниет білдірген

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 1 сәуірдегі жағдай бойынша БЖЗҚ-ға уәкілетті операторлардан тұрғын үй жағдайын жақсарту мақсатында біржолғы зейнетақы төлемін жүзеге асыруға 267 759 өтініш, емделуге 4 263 өтініш келіп түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл жайында Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының баспасөз қызметі мәлімет таратты.

Инвестициялық портфельді басқарушыларға аударуға 1 062 өтініш келіп түсті.

Өтінімдердің қабылданбауының себептері:

1. Сомалар дұрыс көрсетілмеген, оның ішінде зейнетақы жинақтарының сомасы артық көрсетілген.

2. Жеке табыс салығын (ЖТС) төлеу тәсілін таңдау кезінде алуға сұраныс жасалатын сомалар дұрыс көрсетілмеген.

3. Салымшылар алуға болатын сома шегінде емес, зейнетақы жинақтарының бүкіл сомасын көрсетті.

4. Өтінімде өзекті емес сомалар көрсетілген, яғни салымшылар инвестициялық табыстың нарықтық ауытқуына байланысты зейнетақы жинақтары сомасындағы өзгерістерді ескермеген.

5. «БЖЗҚ» АҚ деректер базасында жеке зейнетақы шоттары және тиісінше зейнетақы жинақтары жоқ тұлғалардан да өтінімдер түскен.

6. Салымшылар қайталайтын өтінімдер берген.


Соңғы жаңалықтар