Елімізде 276 мыңнан астам адам 42 500 теңгеден әлеуметтік төлем алды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 276 мыңнан астам азаматқа 42 500 теңгеден әлеуметтік төлем берілді. Бұл туралы ҚР Президенті Әкімшілігінің қоғамдық қабылдауының Telegram-каналында жарияланған ақпаратта айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің деректеріне сәйкес, қазіргі уақытта төтенше жағдай салдарынан кірісінен айырылғандардан 42 500 теңге мөлшерінде мемлекеттік көмек алуға 1 773 791 бірегей өтінім қабылданды. Жалпы, шамамен 3 млн 128 мың өтінім келіп түсті. Сол 3 млн ішінде қайталанатын өтініштер - 1 млн 355 мың» делінген таратылған ақпаратта.

8 сәуір күні кешкісін 276 756 қазақстандыққа көмек тағайындалып, төленген.


Соңғы жаңалықтар