Елімізде 3 мың оқушыда месенджер немесе басқа құралдар арқылы білім алуға мүмкіндігі жоқ

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елімізде 3 мың оқушыда месенджер немесе басқа құралдар арқылы кері байланыс орнату мүмкіндігі жоқ. Бұл туралы Орталық коммуникациялар орталығында «Төтенше жағдай кезінде қашықтан оқытудың жаңа форматтары» тақырыбында өткен онлайн брифингте айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Елімізде шалғайда орналасқан елді мекендер көп және шағын жинақталған мектептер де бар. Бүгінгі күні осындай 1250 елді мекенде 27 мыңға жуық бала оқиды. Сол 27 мың баланың тек 3 мыңы ғана месенджер немесе басқа құралдар арқылы кері байланыс орнатуға мүмкіндігі жоқ. Осы мүмкіндікті беру үшін ұстазбен пошта арқылы кері байланыс орнатуға болады деген шешім қабылдадық. Оқушы дәрісті теледидар арқылы алып, сұрақтары болса ұстазымен пошта арқылы байланыс орнатуға мүмкіндігі бар. Бұл мүмкіндікті пайдалану немесе пайдаланбауды ата-аналардың өздері шешеді», - дейді ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов.


Соңғы жаңалықтар