Елімізде 5 желтоқсанда өтетін маңызды шараларға шолу

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі Қазақстан қалаларында 5 желтоқсанда өтетін маңызды шаралар шолуын ұсынады.

НҰР-СҰЛТАН

Сағат 10.00-де Парламент Сенатының кезекті отырысы басталады.

Сағат 10.00-де Hilton Garden Inn қонақ үйінде ЕО-ның Орталық Азия бойынша жаңа стратегиясына сәйкес, ЕО мен Орталық Азия ынтымақтастығын нығайту аясында «Нұр-Сұлтаннан хат» жобасының тұсаукесері өтеді.

Сағат 10.00-де «Марриот» қонақ үйінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықаралық көші-қон ұйымымен бірлесіп «Қазақстандағы көші-қон: мәселелер, тенденциялар, перспективалар» тақырыбында республикалық дөңгелек үстел өткізеді.

Сағат 10.00-де Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақстанның халық жазушысы, Еңбек Ері Әбіш Кекілбаевтың 80 жылдық мерейтойына арналған «Әбіш Кекілбаев және Ұлы дала руханияты» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтеді.

Сағат 10.00-де Нұр-Сұлтан қаласындағы «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ орталық филиалы ұйымдастырған баспасөз туры басталады.

Сағат 12.20-да ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында Қостанай облысының 2019 жылдың соңғы 10 айдағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындыларына арналған баспасөз конференциясы өтеді. Спикер: Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов.

Сағат 14.00-де ЭКСПО-да құрамына 132 бірдей қоғамдық экологиялық ұйым кіретін «Қазақстанның экологиялық ұйымдарының қауымдастығы» ЗТБ мүшелерінің жыл сайынғы отырысы басталады.

Сағат 15.00-де Сенатта Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты жанындағы заң шығару процесін жетілдіру жөніндегі кеңестің отырысы өтеді.

Сағат 16.20-да ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында Киокушинкай каратэден әйелдер және ерлер арасында салмақ дәрежелері бойынша KWU Әлем Чемпионатын ұйымдастыруға арналған баспасөз конференциясы өтеді.

Сағат 17.00-де Елбасы кітапханасының музейінде «Туған өлкем» балалар шығармашылығы мен қосымша білім беру ұйымдарын қолдау бойынша республикалық бағдарламаның лауреаттарын марапаттау рәсімі мен қорытынды көрменің ашылуы өтеді.

АЛМАТЫ

Сағат 16.00-де Ә.Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер мұражайында қазақстандық акварель шебері - еңбек сіңірген өнер қайраткері, мәдениет және бейнелеу өнері саласындағы сыйлықтың лауреаты Үке Әжиевтің мерейтойлық көрмесі ашылады.

Сағат 18.30-да Алматыдағы Ротари-клубтағы Интерконтиненталь қонақ үйінде Олжас Сүлейменов «Невада-Семей және планетаның жандануы» тақырыбында сөз сөйлейді.

Сағат 19.00-де Бекмамбетов атындағы Глобус кинотеатрында Әділхан Ержановтың «Атбай күрес» жаңа фильмінің алғашқы қазақстандық көрсетілімі болады. Фильмнің әлемдік премьерасы осы жылдың қазан айында 35-ші Варшава халықаралық кинофестивалінде өткен.

Соңғы жаңалықтар