+7 (701) 759 90 19
USD 426.99 EUR 514.35
RUB 5.72 CNY 65.96
Jańalyqtar

Елімізде 65 мыңнан астам полиция қызметкеріне вакцина егілді

2021 жылғы 4 мамыр 12:08
Бөлісіңіз:
Елімізде 65 мыңнан астам полиция қызметкеріне вакцина егілді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ішкі істер органдары қызметкерлеріне вакцинация ерікті түрде жүзеге асырылады. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігі өткізген тікелей эфирдегі брифингіде айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
ДДҰ әлем елдерін коронавирус вакцинасын патенттік қорғауды тоқтатуға шақырды 1 661 609 қазақстандық коронавирусқа қарсы вакцина алды Коронавирус: Атырауда бір күнде 2 192 адам вакцина салдырды

Ішкі істер министрлігі Материалдық-техникалық қамтамасыз ету департаментінің бастығы Қайсар Сұлтанбаевтың мәлімдеуінше, полиция қызметкерлері өздерінің қызметтік міндеттерінде қылмыстарды ашқанда және тергеу кезінде, оқиға болған жерді қарау кезінде, жауап алу, қызметтік қоңыраулар өткізу, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ санитарлық бекеттерде қызмет ету және карантиндік шараларға қатысу кезінде тұрғындармен үнемі байланыста болады.

«Әрине, олар COVID-19-бен ауыру қаупі бар. Сондықтан, ішкі істер органдарының қызметкерлері, сондай-ақ медицина қызметкерлері коронавирусқа қарсы вакцина егудің негізгі тобына кіреді», - дейді Сұлтанбаев.

Жалпы, бүгінгі күнге дейін 65 мыңнан астам полиция қызметкері COVID-19-ға қарсы вакцина алды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Зарина Қаһарман

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT