Елімізде 834 мың жасөспірім коронавирусқа қарсы егілді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда жасөспірімдерді, жүкті әйелдер мен бала емізетін аналарды «Pfizer» вакцинасымен егу жалғасуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстанда коронавирустың таралуының алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссия мәліметіне сәйкес, 8 мамырға дейін «Pfizer» препаратының І дозасын – 1 097 219, ІІ дозасын 955 253 адам салдырды.

Оның ішінде І компонентімен егілді:

- жасөспірімдер – 834 457;

- жүкті әйелдер – 38 764;

- бала емізетін әйелдер – 137 790.

ІІ компонентімен:

- жасөспірімдер – 768 683,

- жүкті әйелдер – 34 060,

- бала емізетін әйелдер – 123 877.

Айта кетейік, жалпы елімізде коронавирус індетіне қарсы толық вакциналанғандар саны – 9 255 431 адам. Бірінші дозаны 9 489 854 адам алды.


Соңғы жаңалықтар