Елімізде бензин бағасын ымыраласу арқылы көтеру белгілері анықталған жоқ

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Еліміздің өңірлерінде бензин бағасын ымыраласа отырып көтеру белгілері анықталған жоқ. Бұл жайында Мәжіліс депутаттарының сауалына ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Роман Склярдың жауабында айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Жанар-жағармай құю стансаларындағы мұнай өнімдерінің бағасына тұрақты негізде мониторинг жүргізеді. Бәсекелестік жай-күйіне сараптама жүргізу және бағаның өсу себебін бағалау мақсатында нарық субъектілеріне тиісті сұраныс жіберілді. Ұсынылған ақпараттарға сараптаманың нәтижесінде Жанар-жағармай құю стансаларының 4 ірі желісі мен 6 өңірлік желісіне (Солтүстік, Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Қостанай және Ақмола облыстары) бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнаманы бұзу белгілері бойынша ескерту жіберілді», - делінген Роман Склярдың жауабында.

Оның атап өтуінше, аталған желілер бір айдың ішінде ескертуді орындамаған жағдайда Кәсіпркелік кодексіне сәйкес тергеу жүргізілетін болады.

«Еліміздің өңірлерінде баға ымыраласу белгілері анықталған жоқ. Бірақ, баға өсімі орын алған. Нарық қатысушыларына монополияға қарсы заңнама нормаларын түсіндіру және бағаны негізсіз көтергені үшін жауапкершілік бойынша іс-шаралар қабылданды. Мұнайөнімдерін бөлшек және көтерме сату нарығындағы бағаға мониторинг жүргізу жүмыстары жалғасуда», - деп жазды Үкімет басшысының орынбасары.


Соңғы жаңалықтар