Елімізде бес облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елімізде бес облыс аумағында қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

28 қазандаАқмола облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, бұрқасын соғады. Солтүстік-батыстан жел соғады, күші түнде 15-20 м/с, кей жерлерде екпіні 23-28 м/с, күндіз кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.

Нұр-Сұлтан қаласында 28 қазандакөктайғақ болады, жаяу бұрқасын соғады. Солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді.

Көкшетауда 28 қазанда түнде тұман түседі, жаяу бұрқасын соғады. Жолдарда көктайғақ болуы ықтимал. Солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді.

28 қазанда Шығыс Қазақстан облысының оңтүстік-шығыстан соғатын жел батысқа ауысады кей жерлерде 15-20, екпіні 25 м/с жетеді.

Өскеменде ертең оңтүстік-шығыстан соғатын жел батысқа ауысады екпіні 15-20 м/с жетеді.

Семейде ертең оңтүстік-шығыстан соғатын жел батысқа ауысады екпіні 15-20 м/с жетуі мүмкін.

28 қазанда Қостанай облысының кей жерлерінде тұман түседі, көктайғақ болады, жаяу бұрқасын соғады. Солтүстік-батыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысады. Түнде күші 15-20, екпіні 23 м/с, күндіз кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.

Қостанай қаласында ертең таңертең және түнде жаяу бұрқасын соғады. Солтүстік-батыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысады, түнде күші 15-20, екпіні 23 м/с жетеді.

28 қазанда Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман түседі, көктайғақ болады, жаяу бұрқасын соғады. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, кей жерлерінде күші 15-20 м/с жетеді.

Қарағанды қаласында ертең көктайғақ болады, жаяу бұрқасын соғуы мүмкін.

28-30 қазанда Жамбыл облысында кей жерлерде оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, күші 15-20 м/с жетеді. Кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады. 

Соңғы жаңалықтар