Елімізде денсаулығына мұқият қарайтын пациенттер байқауы өтті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елімізде «Ауруларды басқару бағдарламасының ең озық пациенті» атты республикалық конкурс шеңберінде аудандық және қалалық деңгейдегі кезеңі өткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Батыс Қазақстан облысының Тасқала, Шыңғырлау, Ақжайық, Қаратөбе, Жаңғалы аудандары мен Орал қаласының алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсетуші ұйымдарын ерекше атап өткен жөн. Өзінің денсаулығына деген мұқият тәртібі мен ерекше жауаптылығының арқасында 1-орынға ие болған Чапаев ауылындағы Ақжайық орталық ауруханасының пациенті Наталья Камалетдинова конкурстың облыстық кезеңіне жолдама алды», - делінген Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының баспасөз хабарламасында.

Сондай-ақ, Қостанай қаласының №1емханасында өткізілген конкурсқа қатысушылар физикалық процедураларға тегін баруға болатын арнайы сертификаттарға ие болды.

«Конкурс қатысушылардың дұрыс тамақтану, дәрі-дәрмектерді тиімді қолдану, негізгі аурудың ағымын төмендетуге себепші болатын қауіптілік факторлары туралы білімдерін көрсететін тапсырмалардан құралды», - делінген хабарламада.

Ауруларды басқару бағдарламасы Қазақстанда 2013 жылдан бері жүзеге асырылып келеді. Шараны ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің қолдауымен Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институты ұйымдастырған.

Соңғы жаңалықтар