Елімізде депозиттерді долларландыру деңгейі 37 пайызды құрады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- 2021 жылы қаңтар айының соңында долларландыру деңгейі 37,1% болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Ұлттық банктің мәліметінше, резиденттердің депозиттік ұйымдардағы депозит көлемі 2021 жылы қаңтардың соңында бір айда 2,7%-ға ұлғайып, 22 675,7 млрд теңгені құрады. Заңды тұлғалардың депозиттері бір айда 11 944,0 млрд теңгеге дейін 5,7%-ға өсті, жеке тұлғалардың депозиттері 10 731,7 млрд теңгеге дейін 0,6%-ға төмендеді.
«Ұлттық валютадағы депозиттер көлемі бір айда 14 270,9 млрд теңгеге дейін 3,0%-ға, шетел валютасында - 8 404,8 млрд теңгеге дейін 2,1%-ға ұлғайды. Долларландыру деңгейі 2021 жылы қаңтардың соңында 37,1% (2020 жылғы желтоқсанда - 37,3%) болды»,-деп хабарлады Ұлттық банктен.
Заңды тұлғалардың ұлттық валютадағы депозиттері 2021 жылы қаңтарда 7 720,8 млрд теңгеге дейін 7,2%-ға, шетел валютасында – 4 223,2 млрд теңгеге дейін 3,2%-ға (заңды тұлғалар депозиттерінің 35,4%-ы) ұлғайды.
Жеке тұлғалардың теңгедегі депозиттері 6 550,1 млрд теңгеге дейін 1,5%-ға төмендеді, шетел валютасында 4 181,7 млрд теңгеге дейін 1,0%-ға ұлғайды (жеке тұлғалар депозиттерінің 39,0%-ы).
Мерзімді депозиттердің көлемі бір айда 3,7%-ға ұлғайып, 15 844,0 млрд теңге болды. Олардың құрылымында ұлттық валютадағы салымдар 10 059,2 млрд теңге, шетел валютасындағы салымдар – 5 784,8 млрд теңге болды.
Банктік емес заңды тұлғалардың ұлттық валютадағы мерзімді депозиттері бойынша орташа алынған сыйақы мөлшерлемесі 2021 жылы қаңтарда 7,2% (2020 жылы қаңтарда – 7,3%), жеке тұлғалардың депозиттері бойынша – 9,4% (9,3%) болды.
- Америкалықтар асырап алған қазақ баласы туған ата-анасын іздейді
- Алматының «Нұршашқан» шағынауданында ауызсу мәселесі шешілді
- Алматы жолдарының сапасы тексеріле бастады
- ҚР Премьер-Министрі Цифрландыру жөніндегі комиссия отырысын өткізді
-
Ұлттық банк: Теңге бір апта ішінде 0,6%-ға нығайды
-
Алматының білім беру ұйымдары «бұлтты бухгалтерияға» толық қашан көшеді
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам