Елімізде электр энергиясын өндіруде интеллектуалды технологиялар енгізіледі

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазіргі таңда Солтүстік-Оңтүстік тұрақты тоқ желісін салу мүмкіндігі қолға алынуда. Жаңа технологиялық желінің қуаттылығы дәстүрлі желіге қарағанда 4-5 есеге артық болады. Бұл туралы ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында «KEGOG» АҚ-ның басқарма төрағасы Бақытжан Қажиев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.  

Цифрлы технологияларды енгізу аясындағы жүйелі жұмысты жалғастыра отырып, «KEGOC» АҚ «Қазақстанның біртұтас электр энергетикалық жүйесі режимдерін басқаруды автоматтандыру» жобасын іске асыруға кірісті.

«Қазіргі таңда Солтүстік-Оңтүстік тұрақты ток желісін салу мүмкіндігін қарастырудамыз. Бұл тек Қазақстанда ғана емес, сонымен бірге посткеңестік кеңістік бойынша алғаш қолға алынып отырған жоба. Жаңа электр энергиясын өндіру желісі өз кезегінде дәстүрлі желілермен салыстырғанда тоқ желісі қуаттылығын 4-5 есеге артық жеткізуге мүмкіндік береді, сонымен қатар интеллектуалды технологиясы ұзақ қашықтықтан электр энергиясының жеткізілуін басқаруды қамтамасыз етеді», - деді «KEGOG» АҚ-ның басқарма төрағасы Бақытжан Қажиев.

Сонымен қатар «KEGOG» компаниясының басшысының айтуынша бүгінде Қазақстан бойынша жұмыс істеп тұрған жарық энергиясын таратушы компаниялардың электр станцияларының белгіленген қуатының жиынтық көлемі 428 МВт-ты құрайды, олардың арасында «Бурные Соляр 1,2» ЖШС (Жамбыл облысы, жиынтық қуаты 100 МВт), «Тұңғыш жел электр станциясы» ЖШС (Ақмола облысы, қуаты 45 МВт) сияқты ірі электр станциялары бар.

«Бүгінгі таңдағы компания алдындағы тағы бір маңызды шаруалардың бірі ол жарық энергиясын таратушы компаниялардан бәсекеге қабілеттілікті талап ету. Осы орайда ағымдағы жылдың мамыр және маусым айларында алғашқы аукцион өткізілді, оның қорытындысы бойынша жалпы қуаты шамамен 200 МВт-ты құрайтын күн, жел, биогаздық және гидроэлектр станцияларын салу бойынша 19 жаңа жоба іріктеліп алынды. Үстіміздегі жылдың қазан айында аукционның екінші кезеңін өткізу жоспарланып отыр», - деді Бақытжан Қажиев. 

Соңғы жаңалықтар