+7 (701) 759 90 19
USD 383.95 EUR 429.26
RUB 6.16 CNY 55.02
Jańalyqtar

Елімізде халықаралық жүк тасымалына рұқсат карточкаларын беру рәсімдері жеңілдеді

2019 жылғы 20 қараша 18:50
Бөлісіңіз:
Елімізде халықаралық жүк тасымалына рұқсат карточкаларын беру рәсімдері жеңілдеді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат– Халықаралық жүк тасымалдарын жүзеге асыратын көлік құралдарына рұқсат карточкаларын беру рәсімдері жеңілдеді, бұл туралы Алматы қаласы бойынша көліктік бақылау инспекциясының басшысы Хамитбек Петралиев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қарағандыда жолаушылар автобустары жаңартылады Шымкентте 52 қызметтік көлік электронды аукцион арқылы сатылған Алматыдағы 2 базарда автобөлшектерді құжатсыз қабылдап, сатқандар анықталды

Баспасөз мәслихатында, Алматы қалалық көліктік бақылау инспекциясының басшысы Хамитбек Петралиев кәсіпкерлікті қолдау аясында халықаралық жүк тасымалын жүзеге асыруға автокөлік құралына рұқсат беру карточкаларын беру тәртібінің жеңілдетілгенін айтты.

Халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыруға рұқсат беру куәлігін және рұқсат карточкасын алу үшін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы және www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталдары арқылы өтінім беруге болады.

Хамитбек Петралиев тасымалдаушыларды делдалдардың қызметіне жүгінбеуге, рұқсат карточкасын және тиісінше шетелдік рұқсат бланкілерін, соның ішінде Қытай «С» түріндегі рұқсаттарды тікелей алуға шақырды.

«Көлік комитеті тасымалдаушылардың - көлік туралы жалған мәлімет берген делдалдардың схемасын анықтады. Мемлекеттік корпорация арқылы олар халықаралық жүк тасымалдауға арналмаған автокөлік құралдарына рұқсат карточкаларын және тиісінше олардың негізінде құны 1 АЕК құрайтын шетелдік рұқсат бланкілерін алды. Жоғарыда көрсетілген рұқсаттарды үшінші тұлғаларға сатудан заңсыз пайда алудан басқа, бұл іс-әрекет рұқсаттардың жасанды тапшылығына және әртүрлі алаяқтық әрекеттердің көбеюіне әкеп соқты»,-дейді Хамитбек Петралиев.

Аумақтық көліктік бақылау инспекциялары КҚ мемлекеттік нөмірлерін мемлекеттік органдардың тиісті деректер базасымен салыстыруды жүзеге асыруда. Халықаралық жүк тасымалдарын жүзеге асыруға арналмаған автомобильдер туралы мәліметтерді ұсыну фактілері анықталған жағдайда, карточкаларды беру шектелетін болады.

«Қазіргі таңда инспекция 10 компанияға қатысты халықаралық тасымалдарға рұқсат беру куәлігі мен карточкаларын жарамсыз деп тану туралы сотқа талап-арыздарын жолдады, олар қазіргі уақытта Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында қаралып жатыр. Аталған тасымалдаушылар elicense.kz веб-порталы арқылы куәлік пен рұқсат карточкаларын алуға өтінім берген кезде КҚ деректерімен сәйкес келмейтін құжаттарды ұсынған»,- дейді ол.

Сонымен қатар, ол көлік прокуратурасы органдарының көмегімен 8 компанияға қатысты, рұқсат беру карточкаларын және шет мемлекеттің аумағы арқылы жүріп өтуге шетелдік рұқсатты алу кезінде, жеке кәсіпкерлермен ресми құжаттарды қолдан жасау және көрінеу жалған құжаттарды пайдалану фактілері бойынша қылмыстық іс қозғалып, істі қарау сатысында тұрғандығын атап өтті.

Кәсіпкерлердің ыңғайлылығы үшін Министрліктің ресми сайтында автомобиль көлігі бөлімінде елдер бөлінісінде шетелдік рұқсаттардың болуы және қайтарылуы бойынша ақпарат орналастырылған. Сондай-ақ, халықаралық қатынаста жүк тасымалдаушыларын шетелдік рұқсаттарды электрондық өтінім беру жүйесінде және халықаралық жүк тасымалдарын жүзеге асыруға қатысты басқа да ақпаратты орналастыру туралы хабардар ету мақсатында ағымдағы жылдың қараша айының басында Комитет @tasymaldau телеграм арнасын құрды.

Қазіргі уақытта рұқсат беру жүйесін қолдану ережесіне өзгерістер мен толықтырулар енгізілді, оның ішінде шетелдік рұқсаттарды беру кезінде КҚ маркасы мен мемлекеттік нөмірі туралы деректерді міндетті түрде толтыру бөлігінде. Қазіргі уақытта тиісті бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркелуде.

Бұл шаралар шетелдік рұқсаттарды үшінші тұлғаларға беру, оларды қайта сату және рұқсаттардың «тапшылығын» құру жағдайларын болдырмауға мүмкіндік береді.

Бұдан басқа, комитет көлікті цифрландыру шеңберінде тестілік режімде Қытай Халық Республикасымен шекарадағы «Нұр-жолы» автомобиль өткізу пунктінде автоматтандырылған режімде шетелдік рұқсат бланкілерін беру бойынша пилоттық жобаны енгізді. Аталған жобаны Қытай тарапы қолдады және қазанның үшінші онкүндігінде осы жобаны енгізу бойынша қосымша кездесу өткізілді.

«Рұқсат бланкілерін электрондық форматқа ауыстырғаннан кейін және оларды автоматты режімде беруді жүзеге асырғаннан кейін бланкілердің «тапшылығы» және оларды үшінші тұлғаларға беру мәселелері жойылады, - деп қортындылады Хамитбек Петралиев.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Алматы, Көлік,
Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT