Елімізде қанша адам коронавирус вакцинасын салдырды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –Коронавирус инфекциясына қарсы вакцина салдыруға қатысты соңғы мәліметтер жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның Telegram парақшасына сілтеме жасап.

7 желтоқсандағы мәлімет бойынша Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның 1 - ші компонентін 8 808 127 адам, 2 - ші компонентін 8 223 795 адам салдырды.

Ал, жасөспірім, жүкті әйел және бала емізетін аналарды вакцинациялау бойынша ақпаратқа сәйкес Pfizer вакцинасының I-ші дозасын 148 843 адам, ІІ-ші дозасын 2 787 адам салдырды.

Оның ішінде: І-ші компонент салдырған жасөспірімдер – 119 258, жүкті әйелдер – 8 706, бала емізетін әйелдер – 20 879.

ІІ-ші компанентін салдырған жасөспірімдер – 1 910, жүкті әйелдер – 245, бала емізетін әйелдер – 632.


Соңғы жаңалықтар