Елімізде қоғамдық көлік қозғалысының жандануына қатысты талап күшейтіледі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 17 тамыздан бастап қоғамдық көлік қозғалысы толық қалыпқа келтіріледі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен Қазақстанда карантиндік шараларды кезең-кезеңмен жеңілдету туралы онлайн брифингіде ҚР Бас санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қоғамдық көлік қозғалысы қайта жанданады. Қоғамдық көліктерге қойылатын талаптар да күшейтілді, өйткені бүгінгі күні біз бұл инфекцияның таралуы тұрғысынан үлкен қауіп тудыратын жабық кеңістік екенін түсінеміз. Сондықтан қоғамдық көліктер отыратын орындар санына қарай толтырылады. Міндетті талаптар - маска режимі және соңғы аялдамарда дезинфекция жасау», - дейді Айжан Есмағамбетова.

Оның айтуынша, тұрғындар қоғамдық орындарда маска тағуға міндетті.

«Бұл қызмет көрсету, тұрғындардың демалуына қатысты жабық нысандарға да қатысты. Әлеуметтік қашықтық пен жеке гиниенаны сақтаудың да маңызы зор», - дейді ол.


Соңғы жаңалықтар