+7 (701) 759 90 19
USD 425.3 EUR 501.05
RUB 5.85 CNY 65.88
Jańalyqtar

Елімізде коронавирус вакцинасын алғандар саны 7,1 млн-ға жуықтады

2021 жылғы 15 қыркүйек 08:33
Бөлісіңіз:
Елімізде коронавирус вакцинасын алғандар саны 7,1 млн-ға жуықтады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда коронавирус вакцинасының 1-компонентін 7,1 млн адам салдырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Алматыда вакцина салдырғандар саны 900 мыңнан асты Қанша қазақстандық коронавирус вакцинасының толық компонентін алды Түркістан облысына Vero Cell вакцинасының 127 мың дозасы жеткізілді

«2021 жылғы 15 қыркүйектегі мәлімет бойынша Қазақстанда I компонентпен 7 160 129 адам вакцина салдырды, II компонентпен 5 982 331 адам», делінген хабарламада.

Вакцина салдырғандар саны бойынша Алматы қаласы алдыңғы орында, қалада 916 736 тұрғын вакцинаның бірінші компонентін, 814 080 адам екінші компонентін салдырған.

Екпе алудан екінші орында - Түркістан облысы. Өңірде 815 405 адам коронавирус вакцинасының 1-компонентін, 634 826 адам 2-компонентін егілген.

Үшінші орында Алматы облысы – 719 983 адам екпенің бірінші бөлігін алса, 600 494 адам екінші бөлігін қабылдаған.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT