Елімізде коронавируспен ауырған 671 адамның жағдайы ауыр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда коронавируспен ауырған 671 адамның жағдайы ауыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

21 сәуірдегі мәлімет бойынша, 39 318 адам коронавирус инфекциясынан (38 889 КВИ+ және 429 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 13 756 пациент стационарда, 25 572 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 671 адамның жағдайы ауыр;
• 185 пациенттің жағдайы өте ауыр;
• 101 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.
COVID-19 белгілері бар пневмониямен сырқаттанушыларға қатысты 19 сәуірдегі мәлімет бойынша 135 жаңа жағдай тіркелді, 3 жағдай өліммен аяқталған. 66 адам жазылып шыққан. 2020 жылдың 1 тамызынан бастап барлық науқастар саны – 52 025, 757 адам өлім тіркелген, 50 839 адам сауығып кеткен.


Соңғы жаңалықтар