Елімізде күн сайын 15 мың адам КВИ-ға қарсы екпе алуда - ДСМ

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елімізде күн сайын орташа есеппен 15 мың адам коронавирус инфекциясына қарсы екпе алып жатыр. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Вакцинациялау және ревакцинациялау — инфекциядан қорғанатын жалғыз жол. Халықты вакцинациямен барынша қамту үшін біз тиісті іс-шаралар қабылдадық. Тәулігіне орташа есептегенде 15 мың адам егілуде», - деді министр Орталық коммуникациялар қызметінде өтіп жатқан баспасөз мәслихатында.

Оның дерегінше, бүгінгі күні 1-компонентпен 9,5 млн адам (тиісті халықтың 83,3 пайызы, жалпы халық санының 56 пайызы), 2-компонентпен 9,2 млн адам (тиісті халықтың 81, жалпы халық санының 54 пайызы) вакциналанды.

«Ал ревакцинациядан елімізде 4 млн адам өтті», - деді Ажар Ғиният.


Соңғы жаңалықтар