Елімізде өндірістік жарақат алу көрсеткіші төмендеп келеді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов елімізде өндірістік жарақат алу жағдайларыы азайып келе жатқанын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ұжымдық еңбек дауларының алдын алу мақсатында ай сайынғы мониторингпен 230 мың жұмыскері бар 1 мыңнан астам тәуекелді кәсіпорын қамтылып отыр. Мониторинг нәтижелері ай сайын әлеуметтік серіктестік жөніндегі үш жақты комиссияның тиісті шараларды қабылдауымен талданады. Биыл бес ірі еңбек қақтығысы тіркелді. Жалпы еңбек жанжалдарының алдын алу жөніндегі іс-шаралар Үкімет бекіткен кешенді іс-қимыл жоспары аясында жүзеге асырылуда», - деді Біржан Нұрымбетов Үкімет отырысында.

Министрдің айтуынша, осының нәтижесінде жыл сайын ұжымдық қақтығыстардың саны азайып келеді.

«Өндірістік жарақаттарға қатысты айтар болсам, мемлекеттік органдар мен жұмыс берушілердің еңбекті қорғау саласында қабылдап жатқан кешенді шаралары өндірістік жарақаттарды азайтуға мүмкіндік берді. Соңғы үш жылда жарақаттану саны 15 пайызға төмендеді. Бұл бағытта оң динамика сақталған. Сонымен қатар осы жылдың 11 айының қорытындысы бойынша кәсіпорындарда 1300 адам жарақат алып, оның ішінде қаза тапқандар саны 185 адамды құрайды. Өндірістік жарақаттардың өсуі БҚО, Қарағанды, Қостанай, СҚО және Түркістан облыстарында байқалды», - деді Біржан Нұрымбетов.


Соңғы жаңалықтар