Елімізде өрттің алдын алу сипатындағы іс-шаралар жүргізіліп жатыр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Министрлік әкімдіктермен және мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, өрттің алдын алу шараларының жоспарын бекітті. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде ҚР Төтенше жағдайлар минситрлігі Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы Нұрболат Дербісов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ведомствоаралық жоспарға сәйкес профилактикалық сипаттағы іс-шаралар іске асырылуда.

«Өңіраралық сипаттағы орман – дала өрттерін жоюдың үкіметтік жоспарында көзделген күштер мен құралдар қайта қаралып, шамамен 43 мың адамды қамтыды, 9 мыңнан астам техника бірлігі, су ағызу құрылғылары бар 10 тікұшақ (Қорғаныс Министрлігінің 6 әуе кемесін қоса алғанда) және 46 өрт сөндіру пойызы қамтылды», - дейді Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы Нұрболат Дербісов.

Оның айтуынша, министрлік ірі өрттер туындаған жағдайда, жүріп өту мүмкіндігі жоғары және сыйымдылығы үлкен өрт автоцистерналарымен жарақтандырылған табиғи өрттерді 14 тәулікке дейін автономды режимде сөндіруді жүзеге асыруға қабілетті мемлекеттік өртке қарсы қызметтің жиынтық жасақтарын жергілікті жерлерде қосымша құрды.

«Барлық өңірлерде табиғи өрттерді уақтылы анықтау үшін, «Қазақстан Ғарыш Сапары» АҚ-мен ғарыштық мониторинг бойынша шарттар жасалды», - дейді ол.


Соңғы жаңалықтар