Елімізде орын алған 2 жол-көлік оқиғасынан 1 адам мерт болып, жарақат алған 7 адам ауруханаға жеткізілді

None
None
АСТАНА. Желтоқсанның 22-сі. ҚазАқпарат - Елімізде орын алған 2 жол-көлік оқиғасынан 1 адам мерт болып, жарақат алған 7 адам ауруханаға жеткізілді,

деп хабарлайды ҚазАқпарат ТЖМ-іне сілтеме жасап.

Министрліктің хабарлауынша, кеше кешкісін Алматы қаласының Райымбек даңғылы бойындағы «Жібек жолы» базарына қарама-қарсы жерде 4 жеңіл көлік соқтығысып қалған. Жол-көлік оқиғасы салдарынан «Тойота» көлігінің жүргізушісі мен оның екі жолаушысы ауруханаға жеткізілген.

Ал, Ақтау қаласының 13-ші және 14-ші шағын аудандары аралығындағы жол бойында «Ауди» мен «Дэу» көлігі соқтығысып қалды. Түнгі сағат 2-ге жуық орын алған жол-көлік оқиғасының салдарынан «Дэу» көлігінің жүргізушісі сол жерде қаза тапса, келесі көліктің жүргізушісі мен оның 3 жолаушысы ауруханаға жеткізілген.

Соңғы жаңалықтар