+7 (701) 759 90 19
USD 420.65 EUR 505.03
RUB 5.64 CNY 65.01
Jańalyqtar

Елімізде жеке меншік университетте білім алушылардың саны өсуде

2021 жылғы 23 ақпан 12:57
Бөлісіңіз:
Елімізде жеке меншік университетте білім алушылардың саны өсуде

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2016-2020 жылдар аралығында жеке меншік университетте білім алушылардың саны 53,8% өскен. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрлігі өткізген жиында айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Алматыда 1-5 сыныптың 20 мыңнан астам оқушысы дәстүрлі форматта оқиды Ата-аналардың шағымынан кейін «Алматы дарыны» орталығының басшылары қызметінен босатылды Қарағандылық оқушы ғарыш қоқысын жинау жүйесін ұсынды

«Қазіргі уақытта елімізде жалпы 127 жоғары оқу орны бар, оның ішінде 70 - жеке меншік. Жалпы білім алушылардың саны 624 263 адамды құрайды. Қазіргі уақытта жоғары оқу орындарының 55%-ы жеке меншік ұйымдар. Оларда 391 309 адам оқуда (47 421-ы мемлекеттік тапсырыс бойынша)», - дейді Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры Әділет Тойбаев.

Оның айтуынша, жеке меншік университеттердегі білім алушылардың санының жыл сайын өсуі байқалады. Мысалы, 2016-2020 жылдар аралығында 53,8% өскен.

«Атап айтқанда, контингенті ең көп жеке меншік жоғары оқу орындары: Шымкент университеті – 15 527, Қазақстан инженерлік-педагогикалық Халықтар достығы университеті – 12 717, «SilkWay» университеті – 9 320 және олардың барлығы бір өңірде орналасқанын ескеру қажет. Яғни, іс жүзінде бірқатар жекеменшік университеттерді өз контингенті бойынша Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Л.Гумилев атындағы ЕҰУ сияқты ұлттық университеттермен салыстыруға болады. 2030 жылға қарай ЖОО түлектері екі есеге көбейіп, саны 301 602 адамға жетеді деп күтілуде», - дейді ол.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Зарина Қаһарман

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT