Елімізде жылу беру жұмысының кестесі бекітілді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ауаның орташа температурасы +8 градус болған кезде жылыту маусымы басталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Өңір әкімдіктері жылу желілері жұмысының температуралық кестесін бекітті. Даладағы орташа ауа температурасы +8 градус болған кезде жергілікті атқарушы органның шешімімен жылыту маусымын бастауға кірісеміз», - деді ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев. 

Сонымен қатар, энергетика министрі электр жүктемесінің қысқы максимумы 14,8 мың мегаватт деңгейінде жоспарланып отырғанын, бұл өткен жылғы деңгейден 185 мегаваттқа көп екенін атап өтті. 

«Ұлттық маңызы бар электр стансаларына мынадай жабдықтың құрамымен жұмыс жасауға тапсырма берілді: Екібастұз 1-ГРЭС - бес-алты блоктық режимде, резервтік энергия блоктарын жұмысқа тұрақты әзірлікте ұстау, оның ішінде Екібастұз 2-ГРЭС - екі блок режимінде, Ақсу ГРЭС - алты-жеті блок режимінде, Жамбыл ГРЭС - екі блок режимінде. Қапшағай және Мойнақ су электр стансалары тиісінше 180 және 300 мегаватт жүктемесімен реттеу режимінде», - деді министр. 

Сонымен қатар, ел аумағындағы электр стансаларының қуаты барлық шектеулерді есепке ала отырып 18 700 мегаватт мөлшерінде. Қанат Бозымбаев одан бөлек 4 000 мегаватты құрайтын қор бар екенін айтып өтті. 

Министрдің айтуынша, жүргізілген жұмыстар шеңберінде Энергетика министрлігі мен әкімдіктер энергетикалық компаниялардың әзірлік паспорттарын бере отырып, күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлігіне баға береді. Бұл жұмыс 1 қарашаға дейін аяқталады. 

Соңғы жаңалықтар