Еліміздегі 10 жоғары оқу орнында тексеру жұмысы жүргізіледі - БҒМ

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Биылғы қараша айының соңына дейін БҒМ Білім және ғылым саласындағы білім сапасын қамтамасыз ету комитетімен еліміздегі 10 ЖОО-да тексеру жүргізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Профилактикалық бақылау және бұрын-соңды анықталған кемшіліктер аталған тексеру жұмысына негіз болып отыр.

«Бүгінгі таңда 3 жоғары оқу орнында тексеру жұмыстары аяқталып қалды. Атап айтсақ, «Қайнар» академиясы, «Ақмешіт» гуманитарлық-техникалық институты және Азаматтық авиация академиясы тексеруден өтті. Заңнаманы өрескел бұзу фактілері анықталған жағдайда әкімшілік айыппұл салынады және білім беру қызметі бойынша лицензияны уақыша тоқтату арқылы әкімшілік істер қаралады» делінген хабарламада.

Қараша айының соңына дейін еліміздегі 7 жоғары оқу орнында тексеру жұмыстары жүргізіледі.

Соңғы жаңалықтар