Еліміздегі ең жас волонтер Алматы облысында тұрады

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Бүгін «Қайырымды істер марафоны» ұлттық жобасы аясында ұйымдастырылған «Ең мейірімді» байқауынның жеңімпаздары марапатталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталған байқаудың «Ең мейірімді волонтер» аталымы бойынша, «Жана дүние» қоғамдық қоры (Алматы қаласы) I орын алды.

II орынды Алматы облысында тұратын жас волонтер Санжар Ілиясов иеленсе, жүлделі III орын CCI Kazakhstan («ТОО СП Кока-Кола Алматы Боттлерс») компаниясына бұйырды.

Айта кетейік осы жобадағы ең жас «мейірімді волонтер» Санжар Салихатұлы 2005 жылы туған.

Алматы облысы Сарқан ауданы Сарқан политехникалық колледжінің 2-курс студенті.

Ол «Біз біргеміз!», «Ерікті болу – ерлік», «2020 жыл – еріктілер жылы», «Таза қала» акцияларына пандемия кезінде және қазір де қатысып, өз қатарластарына үлгі болып жүр.

«Еріктілер деген кім? Еріктілер - қоғамның қозғаушы қуаты. Сонымен қатар жасаған жақсылығы мен атқарған жұмысы үшін ақы сұрамайтын жандар. Мен әрдайым қолдан келген көмегімді елден аямаймын, елге көмектессем жаным жадырайды. Біз ұстаздарымыздың жетекшілігімен Сарқан қаласының ардагерлеріне, көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға көмектесіп, қала көшелерін абаттандыру, тазалау жұмысына белсене қатысып келеміз. Ерікті болу — жүректің қалауы. Қарт адамдарға, жартылай жетім, мүгедек адамның мұқтаждығын түсініп, бір жағына шығысып көмектесуді - борышым деп білемін»,-дейді Санжар.


Соңғы жаңалықтар