USD 434.34 EUR 491.93
RUB 5.56 CNY 68.67
Jańalyqtar

Еліміздегі қай салаларға инвестиция салуға болады

2021 жылғы 7 желтоқсан 17:05
Бөлісіңіз:
Еліміздегі қай салаларға инвестиция салуға болады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін елордада Жаһандық инвестициялар бойынша жыл сайынғы «дөңгелек үстел» отырысында «Kazakh Invest» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Мейіржан Юсупов Қазақстанда қай салаларға инвестиция салуға болатынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Президент халықаралық инвесторларға: Біздің «ашық есік» саясатымыз өзгермейді Болашағын Қазақстанмен байланыстыратындар қаржысын ел ішінде инвестицияласын - экономист Ақтөбеде 1,5 трлн теңге инвестиция тартылмақ

«Біздің негізгі мақсат – бірінші кезекте экономиканың басым секторларына инвестиция тарту. Сонымен қатар, Қазақстанға келетін барлық инвесторға кешенді қызметтер ұсынамыз. Осы орайда салалардың кең шоғыры бойынша біздің тізбеде көптеген жоба қамтылған. Бұл тұрғыда ауыл шаруашылығына ерекше екпін қойылып отыр. Мұнымен қоса, туризмде, логистикада, мұнай-химия секторында, денсаулық сақтауда және басқа да салаларда жобалар ескерілген», - деді Мейіржан Юсупов.

Сонымен қатар ол форум барысында шетелдік бизнес өкілдеріне еліміз тарапынан елеулі жеңілдіктер қарастырылғанын жеткізді.

«Қазіргі кезде Үкімет инвесторларға жеңілдіктер ұсыну үшін бірқататар маңызды қадамдарды іске асырып жатыр», - деді «Kazakh Invest» ҰК» АҚ басқарма төрағасы.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT