Еліміздегі орташа жалақы 275 мың теңгеден асты

None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2022 жылдың наурыз айында бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 275 438 мың теңгеге жетті. Мұндай деректі Ұлттық статистика бюросы ұсынды, деп хабароайды ҚазАқпарат.

Бюро мәліметінше, 2022 жылғы ақпанда халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстары бағалау бойынша 143 246 (алдын ала деректер) теңгені құрады. Бұл 2021 жылғы ақпанға қарағанда 17,3 пайызға жоғары. Нақты ақшалай табыс көрсетілген кезеңде 7,9 пайызға артты.

2022 жылғы наурызда жұмыссыздар саны бағалау бойынша 457,4 мың адам болды. Жұмыссыздық деңгейі жұмыс күші санының 4,9 пайызын құрап отыр. 2022 жылғы наурыздың соңында жұмыспен қамту органдарында жұмыссыздар ретінде тіркелген адамдар саны 175 мың адамға жетті.


Соңғы жаңалықтар