+7 (701) 759 90 19
USD 432.01 EUR 518.67
RUB 5.61 CNY 66.48
Jańalyqtar

Еліміздегі жарналамаларда мемлекеттік тілдегі мәтін міндетті болады

2021 жылғы 24 ақпан 12:14
Бөлісіңіз:
Еліміздегі жарналамаларда мемлекеттік тілдегі мәтін міндетті болады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда ілінген жарнамаларда мемлекеттік тілдегі мәтін міндетті болуы керек. Осы орайда баннерлер, маңдайшалар, хабарландырулар, жарнама, баға көрсеткіштеріне қатысты осындай талап енгізіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Айта кетейік, бүгін Парамент Мәжілісінің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көрнекі ақпарат мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды.

Заң жобасы бойынша баяндама жасаған ҚР Мəдениет жəне спорт министрі Ақтоты Райымқұлова көрнекі ақпарат құралдары (баннерлер, маңдайшалар, хабарландырулар, жарнама, баға көрсеткіштері және т.б.) елдегі қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық жағдайға әсер ететін маңызды құралдар болып саналатынын айтты.

Деректемелер мен көрнекі ақпарат мәтіндерін орфография нормаларына сәйкес жазу талабы қазақ тіліндегі мәтіндердің сапасыз жазылуына, орфографиялық қателерге жол бермеуге бағытталған.

«Құжатты бекітуден күтілетін нәтижеге тоқталсақ, мемлекеттік тілдің көрнекі ақпаратта міндетті түрде қолданылуын қамтамасыз ету, деректемелер мен көрнекі ақпарат мәтіндерін орфография нормаларына сәйкес жазуды қамтамасыз ету, мәтіндердің екі тілде теңтүпнұсқалылығын сақтап жазуды қамтамасыз ету.Заң жобасын қабылдау еліміздегі тіл саясатын тиімді іске асыруға ықпал ететін болады, теріс құқықтық және әлеуметтік-экономикалық салдарға әкеп соқтырмайды», - деді А. Райымқұлова.

Оның айтуынша, көрнекі ақпаратты ашық кеңістікте және ғимараттар ішінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдармен қатар кез келген кәсіпкерлік субъектілері жүзеге асыра алады. Кәсіпкерлік субъектілері көрнекі ақпаратты өз өнімі мен қызметін ілгерілету құралы ретінде пайдаланады.

«Мемлекеттік органдарға азаматтардан көрнекі ақпаратты орналастыру кезінде тіл туралы заңнама талаптарының бұзылуына байланысты шағымдардың көптеп түсуі орын алуда. Осы орайда мемлекеттік тілдегі көрнекі ақпараттың болмауын азаматтар Қазақстан Республикасы Конституциясының 14-бабында бекітілген өз құқықтарына қысым жасау деп санайды», - деді министр.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT