07:14, 13 Қаңтар 2021 | GMT +6
Еліміздің бір қаласында ауа сапасы нашарлайды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Қазгидромет» РМК болжамынша, 13 қаңтар күні Қазақстан қалаларының басым бөлігінде жағымды метеорологиялық ахуал қалыптасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Синоптиктердің мәліметіне сүйенсек, ауа сапасының ластануы тек бір қалада – Нұр-Сұлтанда күтіледі.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.