Еліміздің бірқатар өңірінде ауа райына байланысты жабылған жолдар ашылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ауа райының оңала түсуіне байланысты 26 ақпан күнгі сағат 07.00-ден бастап республиканың бірқатар өңірінде жолдар ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ИИДМ сілтеме жасап.

Республика бойынша алғанда мынадай жолдар ашық:

Ақмола облысында:

1. «Нұр-Сұлтан – Қабанбай батыр – Нұра – Теміртау» автожолы 36-51 км, Қабанбай батыр ауылы – Қарағанды облысының шекарасы.

Қарағанды облысында:

1.«Нұр-Сұлтан – Қабанбай батыр – Нұра – Теміртау» автожолы 51-266 км, Ақмола облысының шекара учаскесі – Теміртау қаласы.

2. «Қызылорда-Павлодар» 429-906 км

3. Жезқазған қаласының учаскесі – Топар ауылы «Екатеринбург – Алматы» 1446-1457 км

4. Теміртау қаласынан Қарағанды қаласына дейінгі «Қызылорда-Павлодар (Жәйрем –Қаражал – Атырау)» учаскесі 0-83 км, «Қызылорда-Павлодар» автожолының бұрылысынан бастап Қаражал ауылы учаскесіне дейін.

5. «Ақшатау – Ағадыр – Ортау» 0-195 км, Ақшатау ауылының учаскесі – Бидайық ауылы

6. «Нұр-Сұлтан қаласы – Қабанбай Батыр ауылы – Киевка ауылы – Теміртау қаласы» тас жолы 32-51 км

Шығыс Қазақстан облысында:

1. «Өскемен – Шемонаиха – РФ шекарасы» 105-123 км

2. Шемонаиха қаласының учаскесі – «Өскемен-Шемонаиха-РФ шекарасы» учаскесі 15-102 км

3. Глубокое ауылының учаскесі – «Өскемен-Риддер-РФ шекарасы» Шемонаиха қаласы 15-105 км, Белоусовка ауылының учаскесі – Риддер қаласы

4. «Омбы-Майқапшағай» а/ж 587-733 км, Павлодар облысының шекара учаскесі –Семей қаласы.

Қостанай облысында:

1. «Денисовка – Жітіқара – Мықтыкөл – РФ шекарасы» 82-161 км, Жітіқара қаласының учаскесі – РФ шекарасы.

2. «Ленин – Ертіс – Русская поляна» 0-263 км, Ленин кентінің учаскесі – РФ шекарасы.

3. «Ленин – Ақсу – Үлкен Ақжар» 32-220 км, Ақсу қаласының учаскесі – Шығыс Қазақстан облысының шекарасы.

4. «Екатеринбург – Алматы» а/ж, 1291-1353 км, Нұр-Сұлтан учаскесі – Қарағанды облысының шекарасы (учаске «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Ақылы автомобиль жолдары дирекциясына жатады).

5. «Екатеринбург – Алматы» 1353-1425, Ақмола облысының шекарасының учаскесі –Теміртау қаласы («ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ ақылы жолдар дирекциясының учаскесі).

Алматы облысында:

1. «Алматы – Өскемен» а/ж 287-558 км, Талдықорған қаласы – Үшарал қаласы учаскесі («CITIKConstructionCo.,Ltd»)

Еске салсақ, кешеден бері ауа райының қолайсыздығына байланысты республикалық маңызы бар автожолдарда көлік қозғалысы шектелген еді.


Соңғы жаңалықтар