Еліміздің оңтүстігінде биыл су тапшылығы болуы мүмкін
«Республиканың таулы аймақтарында қар қоры бойынша жағдай келесідей: Шығыс Қазақстан облысының Бұқтырма су қоймасы аумағында қар қоры жылдық орташа мәндерден 26 пайыздан 49 пайызға дейін төмен. Ертіс өзенінің сол жақ саласында аталған көрсеткіш орташа көпжылдық мәндердің шегінде», - деді ол.
Оның дерегінше, Жамбыл және Түркістан облыстарының тауларында қар қоры орташа көпжылдық мәндерден 40 пайыздан 82 пайызға дейін, ал Алматы облысының тауларында 25 пайыздан 56 пайызға дейін аз.
«Сонымен қатар, көршілес Өзбекстан мен Қырғызстан аумағында қар қоры орташа көпжылдық мәндерден 30 пайыздан 60 пайызға дейін аз екенін айта кету керек. Бұл дегеніміз, еліміздің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысындағы таулы өзендердің көпшілігінде биылғы жылы су аз болады деп болжанады», - деді министр.