19:01, 15 Қазан 2020 | GMT +6
Еліміздің солтүстік өңірлерінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанның солтүстік өңірлерінде ауа райына байланысты ескерту жарияланады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Күндіз 16, тәулік бойы 17 қазанда Солтүстік Қазақстан облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде күші 15-20 м/с, күндіз 17 қазандаекпіні 25 м/с күтіледі.
16 қазанда Қостанай облысының кей жерлерінде оңтүстік-батыстан жел соғады, күші күндіз кей жерлерде 18 м/с жетеді.
16 қазандаАқмола облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде күші 15-20 м/с күтіледі.
Дауылды ескертудің ықтималдылығы 85-95 %.