Еліміздің үш өңірінің тұрғындарына ескерту жасалды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанның үш өңіріндегі өзендердің су деңгейі көтерілуі ықтимал. Мұндай ақпаратты ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті таратты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазгидромет» РМК мәліметтеріне сәйкес, 22 қаңтардан бастап 23-25 қаңтар аралығында Шығыс Қазақстан мен Алматы облыстарындағы өзендерде, сонымен қатар Қызылорда облысы шегінде Сырдария өзенінде ауа райының қолайлы болатындығы туралы болжамға байланысты мұз құрсауының бұзылып, өзендерде мұз кептелістерінің болуы және су деңгейінің көтерілуі ықтимал«, - деп атап өтеді ведомстводан.

Осыған қарай ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті өңір азаматтарынан аталған күндері барынша қырағылық танытуды, төтенше жағдай болған сәтте 112 құтқару қызметінің бірыңғай нөміріне қоңырау шалуды сұрайды.

«Азаматтық қорғаныс бөлімшелері толық дайындыққа келтірілді. Өзендерді гидрологиялық ахуалға мониторинг күшейтілді», - делінген комитет ақпаратында.


Соңғы жаңалықтар