Елімізге шет елдерден 3,2 мың авиажолаушы келді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елімізге шет елдерден 25 халықаралық әуе рейсі келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Санитариялық - эпидемиологиялық бақылау комитетіне сілтеме жасап.

20 сәуірде Қазақстан Республикасының аумағына Германия, Корея, Мальдив Республикасы, Шри-Ланка, БАӘ, Египет, Түркия, Латвия, Украина, Беларусь Республикасы, Ресей Федерациясы, Өзбекстан және Қырғызстаннан 25 халықаралық әуе рейсі келді.

Өткен тәулікте 3 211 авиажолаушы келді. Оның ішінде:
Алматы қаласының әуежайына – 13 рейс, 1 852 жолаушы;
Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 6 рейс, 658 жолаушы;
Шымкент қаласының әуежайына – 3 рейс, 390 жолаушы;
Ақтау қаласының әуежайына – 1 рейс, 147 жолаушы;
Қарағанды қаласының әуежайына – 1 рейс, 27 жолаушы;
Орал қаласының әуежайына – 1 рейс, 137 жолаушы келген.
Барлық жолаушылар COVID-19-ға ПТР тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен келген.
ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 12 сәуірдегі №13 қаулысына сәйкес, авиакомпаниялар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өткен сәтте берілгеніне 3 тәуліктен аспаған ПТР әдісімен COVID-19-ға тестілеуден өткені туралы анықтаманы ұсынбаған жолаушыны әуе кемесінің бортына отырғызбауы тиіс.


Соңғы жаңалықтар