Елорда әкімдігінде парақорлықпен күрес мәселесі талқыланды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елорда әкімдігінде қала басшысы Алтай Көлгіновтің басшылығымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Шараның негізгі бағыты – жергілікті атқарушы органдардың қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша ҚР заңнамалық актілеріне енгізілген өзгерістерді түсіндіру. Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңына қол қойды. Толықтырулар басшылардың жауапкершілігін белгілеу туралы норманы қамтиды.

Елорда әкімі Алтай Көлгінов өз сөзінде заңнаманы мүлтіксіз сақтау және кез келген сыбайлас жемқорлық көріністерін болдырмау қажеттігін атап өтті. Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті басшысының орынбасары Ерлан Төлебаев өз қызметтерінің негізгі бағыты сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алуға бағытталғанын атап өтті.

Бұл тұрғыда агенттік пен елорда әкімдігінің «Астана – адалдық алаңы» бірлескен жобасы үлгі болып табылады.

Ал департаменттің арнайы мониторинг тобының мүшесі Марат Сатарқұлов қатысушыларға «Ашық бюджеттердің интерактивті картасы» аясында қоғамдық мониторингті жүзеге асыру қорытындылары туралы айтып берді.

Соңғы жаңалықтар