Елорда аумағында қылмыс саны азайды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Карантин режимі енгізілген сәттен бері елорда аумағында жасалатын қылмыс саны айтарлықтай төмендеді. Бұл жайында Нұр-Сұлтан қалалық прокуратурасынан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Төтенше жағдай енгізілген сәттен бері Нұр-Сұлтан қаласының құқық қорғау органдары тұрғындардың құқықтары мен заңды мүдделерін қылмыстық озбырлықтан қорғауды қамтамасыз ету, құқық бұзушылық деңгейін төмендету бойынша барлық шараны қабылдап жатыр. Қала аумағында уақытша шектеудің жүзеге асырылуына байланысты қылмыстың айтарлықтай төмендегені байқалады. Айталық, осы жылдың 16 наурызынан қазіргі уақытқа дейін 1 102 қылмыс, оның ішінде 7 аса ауыр және 241 ауыр қылмыс тіркелді»,- деп атап өтеді ведомстводан.

Прокуратура мәліметінше, бір айдың ішінде елордада 327 ұрлық,17 тонау және 21 бұзақылық фактісі тіркелген. Тіркелген қылмыс түрлері өткен жылдың дәл осындай кезеңімен салыстырғанда 3 есеге жуық төмен. Дегенмен, төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету бойынша қызметтің міндетін орындап жүрген билік өкілдеріне қарсы жасалатын қылмыс санының артуы байқалады.

«Осы кезеңде билік өкілін балағаттаудың 8, бағынбаудың 7 және күш қолданудың 6 фактісі тіркелді. Оның ішінде 6 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды»,- делінген таратылған ақпаратта.



Соңғы жаңалықтар