Елорда мен 5 облыста ескерту жарияланды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазгидромет елорда мен 5 облыста ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

22-24 қаңтарда Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар облыстарында қар жауып, көктайғақ болады.

Өңірлердегі желдің күші 15-20 м/с, кей жерлерде 23-28 м/с, екпіні 30 м/с жетуі ықтимал.

Сондай-ақ, Нұр-Сұлтан қаласында 22-23 қаңтарда қар, бұрқасын, 23 қаңтардакөктайғақкүтіледі.22 қаңтар кешке, 23 қаңтар тәулік бойы оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 15-20, екпіні 23 м/с жетеді.

Дауылды ескертулердің ықтималдылығы 90-95%.


Соңғы жаңалықтар