+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Елорда полицейлері дәрі-дәрмекті қымбат бағамен сатқан бірнеше нысанды анықтады

2020 жылғы 31 шілде 21:12
Бөлісіңіз:
Елорда полицейлері дәрі-дәрмекті қымбат бағамен сатқан бірнеше нысанды анықтады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Криминалдық полиция қызметкерлері Telegram мессенджері арқылы дәрі-дәрмек сататын алыпсатарларды анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Басы дауға қалған Алматы облысының бас санитарлық дәрігері халықтан кешірім сұрады Шымкентте марганцовка ішіп қойған 3 жасар бүлдіршінді дәрігерлер аман алып қалды Алексей Цой Алматы облысы бас санитарлық дәрігеріне қатысты тексеруді бастауды тапсырды

«Сарыарқа ауданының полицейлері елде тапшы дәрі-дәрмектерді саудалап келген қаланың екі тұрғынын ұстады. 41 жастағы әйелден «Клексан 4000» препараты, «Ксарелто Ривароксабан», «Гепарин» және «Фраксипарин» тәркілеген. Тәркіленген дәрі-дәрмектің жалпы сомасы 150 мың теңгеден асқан», - делінген Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаментінің баспасөз хабарламасында.

Сондай-ақ, ұсталған 24 жастағы жігіттен 160 мың теңгенің дәрі-дәрмектері тәркіленді.

«Оның ішінен 10 және 12 ампуладан тұратын «Фраксипарин» және «Меропенем» препараттары тәркіленді. Күні бойы болған рейд кезінде полиция қаладағы 8 дәріханада дәрі-дәрмектерді қымбаттатылған бағамен сату ережелерін бұзушыларды анықтады», - делінген хабарламада.

Дәріхана қызметкерлері дәрі-дәрмектерді ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2019 жылғы 15 шілдедегі «Бөлшек саудада және көтерме саудада дәрі-дәрмектің тауарлық атауының шекті бағаларын бекіту туралы» бұйрығын бұза отырып сатқан.

«Рейдтер басталғаннан бері күзетшілер 100-ден астам құқық бұзушылықты анықтады. Олар бойынша 117 адам ұсталды, оның ішінде 68-ден астам дәріханашы болған, 430 дәріхана тексерілді. Тәркіленген медициналық бұйымдардың жалпы сомасы шамамен 20 миллион теңгені құрады. Барлық анықталған фактілерге қолданыстағы заңнамаға сәйкес құқықтық баға беріледі», - делінген хабарламада.

Егер дәрі-дәрмектерді заңсыз сату фактілері туралы білсеңіз, Нұр-Сұлтан полиция бөліміне мына телефондар арқылы хабарласыңыз: 8 (7172) 71-62-91, 71-63-35, whatsapp 8-747-620-57-93, немесе «102».


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Зарина Қаһарман

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Үмбет Шолпан
Үмбет Шолпан
954-059

MURAǴAT